Балаева "Tamasha TV" телеарнасының жабылуы туралы пікір білдірді
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін "Tamasha TV" телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.
Телеарналар да тірі организм секілді. Уақыт өте келе, заман талабының жалына жармаса алмай, тіршілігін түзей алмағаны жабылып, орнына жаңасы ашылып жатады. Бұл – табиғи, қалыпты процесс. Ойын-сауық бағытындағы "Tamasha TV" телеарнасы жұмысын тоқтатып жатса, 30 маусымнан бастап "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасы эфирге шығып, халықпен қауышып отыр, - деді ол.
Министр мемлекеттік телеарналар халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындауды жалғастыратынын айтты.
Бұл тұста ең басты мәселе, алдағы уақытта мемлекеттік телеарналардың қай-қайсысында болсын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық бірлікті нығайту, еліміздегі саяси тұрақтылық пен қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау бағытындағы жұмыстар одан әрі жандана түсетінін баса айтқымыз келеді, - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, "Tamasha TV" телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтататыны туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Экопроблемадан ірі көлемді айыппұл мен түрмеге қамау ғана құтқара алады - Экоамбассадор
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы