Балаева: Руханиятты тек ескі салт-дәстүрдің жиынтығы деп қарамау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осындай ой айтты.
Руханият мәселесіне тек ескі салт-дәстүрдің жиынтығы деп қарамау керек. Ол - ескінің тозығын тастап, жаңаның озығын дамыту деген сөз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында рухани жаңғырудың сан түрлі белестерінен өттік. Халқымыздың рухани әлемі, ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңарды, рухани және мәдени қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруа атқарылып келеді. Бұл тұрғыда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – рухани дамудың басты алғышарттарының бірі деп білемін, - дейді Балаева.
Ол жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Жалпақ әлемді аузына қарату үшін рухани ерлік керек, жалпақ әлемге қысылып-қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек» деген сөзін мысал ретінде келтіріп өтті.
Руханияттың қоғамдағы және адам өміріндегі рөлін анық көрсетіп отырғаны рас. «Пайда ойлама, ар ойла» деген Абайдың сөзі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әттеген-ай деген мәселелер де аз емес. Теріс қылықтарды әлеуметтік желілерден де, телеарналардан да жиі айтып, сынға айтып, талқылап жүрміз. Осының бәрі рухани дамуға қатысты ойларға жетелейді, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы