Балаева: Qazforum – қазақ контентіндегі өзекті мәселелерді талқылайтын платформа

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Qazforum қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумында айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева форумның ашылуында іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыс айтты.

Биыл Тәуелсіздіктің үшінші он жылдығын бағындырған мемлекетіміз АҚШ-пен дипломатиялық байланыс орнатқанына да 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында АҚШ елшілігі екі ел арасындағы байланысты нығайтуға арналғаг түрлі жобаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді, – деді Ақпарат министрі. 

Айтуынша, қазақ тіліндегі онлайн-контент жасаушылардың форумы елшіліктің қолдауымен осымен бесінші рет өткізіліп отыр.

Бұл шара қазақ контентіндегі өзекті мәселелерді талқылап, септігін тигізетін ауқымды платформа. Бүгінгі таңда мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 78%-ды құрайды. Оның ішінде телеарнадағы контент 79,2%, баспа басылымдары 84,50%, интернет ресурстарда 59,81%. Осыдан 10 жыл бұрын мемлекеттік тілде ақпарат тарататын 6 сайт қана болса, қазіргі таңда отандық медианың 14%-ын қазақтілді сайт құрап отыр, – деп түсіндірді Аида Балаева. 

Министр жылдан-жылға қазақ тіліндегі сайттардың және оқырмандар саны артып келе жатқанын айтты. Соңғы 2 жыл ішінде жаңадан 46 сайт ашылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы