Министр Пәкістан және Ұлыбританияның дін өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін АҚДМ министрі Аида Балаеваның Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия ул-Хакпен, сондай-ақ Англикан шіркеуінің өкілі, Доркинг қаласының епископы Джо Бэйли Уэллспен кездесулері өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Пәкістан мен Ұлыбританияның дін өкілдері 6 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетін хатшылықтың XIX отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген болатын.Бүгін Съезд хатшылығының жұмыс тобының отырысы өтіп, оның барысында күн тәртібіндегі мәселелер, VII Съездің тақырыбын талқылау және оны өткізу форматы жөнінде пікір алмасу өтті.
Мұхаммед Зия ул-Хак пен Джо Бэйли Уэллге министр Аида Балаева хатшылық жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Ол Елбасы бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институтқа айналғанын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 184 діни бірлестік жұмыс істейді
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы