Балаева Несіпбек Дәуітайұлының отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева белгілі қаламгер Несіпбек Дәуітайұлының қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты.
Белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлының өмірден озуына байланысты, марқұмның жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Несіпбек Дәутайұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлттық әдебиетімізді дамытып, руханиятын ұлықтау жолына арнаған қарымды қаламгер, дегдар жазушы тұлға еді. Мазмұны терең, көркемдігі кемел шығармаларымен қатары қалың оқырман қауымның үлкен ілтипатына бөленіп, артына өшпейтін рухани мұра қалдыра білді. Ардақты ағамыздың жарқын жүзі мен ұлттық руханияттағы тұлғасы халықтың жадында мәңгi сақталады деп сенемін. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын - делінген министрдің көңілайтуында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәуітайұлы өмірден өткені туралы хабарлаған болатынбыз.