Балаева: Немқұрайлық – COVID-тің өршуін қоздыра түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева барлық азаматты сақтық шараларын ұстануға шақырды.
Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.Әлемде ковид індетінің жаңа толқыны пайда болды. Індет шарпыған әлем елдерінің барлығы да қауіпсіздік шараларын қайта күшейтуге көшті. Осыған байланысты, барлық азаматтарды сақтық шараларын ұстануға шақырамын. Қауіпті індеттен отбасыңызды қорғаңыз. Жақындарыңызды, достарыңызды, көршілеріңізді үнемі ескертіп отырыңыз. Немқұрайлық – ковидтің өршуін қоздыра түседі. Оны өткен тәжірибеден білеміз. Ертеңгі күннің саулығы – бүгінгі күннің сақтығына байланысты. Бір-бірімізге қамқор болайық! Үш негізгі шартты ұмытпаңыз: Қол жуу! Бетперде кию! Ара қашықтық сақтау, - деп жазыд ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы демалыс орнында атыс болды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы