Балаева министрліктің жоспарымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде министрліктің алға қойған мақсат-міндеттері мен жоспарларын айтты.

Министр Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алдындағы міндеттердің тұтас кешенімен бөлісті.

Азаматтық қоғамды дамыту саласында

1. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жетілдіру:
- азаматтық қоғамның кәсібилігі мен тұрақтылығын арттыру;
- Азаматтық бақылау жүйесін құру;
- әлеуметтік әріптестік тетіктерін цифрландыру;
- Азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту.

2. Азаматтық қоғамның заңнамалық және институционалдық негіздерін жетілдіру.

Бұл бойынеша бізде 7 заңнамалық акт бар, оның ішінде барлық әлеуметтік сегменттерді біркелкі қамту жағына әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру тетіктерін жетілдіру бойынша оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу қарастырылған.Бұл ретте бағалаудың басты өлшемі әрбір жобаның ең көп мультиплекативтік әсері болады, - деді Балаева.

Министр БАҚ дамыту саласында талдау материалдарының, шығармашылық және мультимедиалық контенттің үлесін ұлғайтуды ескере отырып, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қайта ресімдеу көзделіп отырғанын айтты.

Баспасөз, БАҚ холдингтерін, интернет-ресурстарды және телерадиохолдингті құру негізінде мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру мен "Қазмедиа" орталығын жаңғырту қарастиырылған, - деді ол.

Министр жастар және отбасылық саясат саласында атаулы жұмыстың бірыңғай жоспарын әзірлеу және іске асыру үшін әрбір жас тобына жұмыс жүргізу қажет екенін айтты.

Әрбір жас тобы үшін өмірлік мәселелерді шешуге қабілетті жекелеген атаулы әлеуметтік бағдарланған жобалар әзірлеу көзделуде. Отбасы институтын нығайту және дамыту, бала мен ана болуды қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру да жоспарда, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы