Балаева мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы пандемия кезінде күрделенгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн өткен отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы пандемия кезінде күрделенгенін айтты.

"Surdo-Online  Қазақстан" ЖШС директоры Роман Кондинцев мүмкіндігі шектеулі азаматарға қандай қызмет көрсетіліп отырғанын айтты.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты проблемалардың шешімін табудың жолдарын қарастырдық. Біз инватакси қызметін 10 жылдан бері жүзеге асырып келеміз. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырамыз. Біз қажеттілігі жоғары жандарға арналған көтерме құрылғыларды жасақтадық. Алайда бұл қызмет, өкінішке қарай, сұранысқа ие болмады. 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау бойынша тұжырымдама қабылданды. Әлеуметтік қорғау заңының 14-бабында ақпаратқа қолжетімділік туралы айтылған. Алайда әлі күнге дейін бұл қызмет толық қолжетімді болмай отыр, - деді Роман Кондинцев.

Ол атап өткендей, Surdo-Online жобасы әлемде баламасы жоқ қызмет. 
Бірнеше жыл бұл сервис жұмыс істеп тұр. Surdo-Online  құлағы мүкіс адамдарға арналған  ым-ишара тілі бойынша қызмет көрсететін әлеуметтік жоба. Қызмет тәулік бойы қызмет көрсетеді. Қызметке компьютер мен смартфон арқылы қол жеткізуге болады, - деді ол. 

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева спикердің айтып отырғанын қолдады. 
Шынымен де, бұл - өте өзекті мәселе. Арнайы министрлік осы мәселелерді үкіметтік емес ұйымдардың, Роман Сергейұлы басқарып отырған ұйымдардың жасап отырған жұмыстарын саралау керек. Ең керекті қызметтерді ұсыныс ретінде әкімдіктерге беруге болады. Кейбір әкімдік мақсатты түрде осы мәселелермен айналысатынын білмеуі мүмкін. Құзыретті органдар осындай қызметті ұсынатын ұйымдардың қызметін талдауы керек. Бүгін біз қамтылмаған санаттарды анықтауымыз керек. Заман тыныш кезде бұл сатыдағы азаматтарға қиын болатын. Індет кезінде олардың жағдайы одан сайын күрделеніп отыр, - деді министр. 

Министр жергілікті органдарға құзыретті органдар жұмыстың тиімділігі үшін ұсыным беру қажеттілігін айтты. 
Біз өз тарапымыздан жалпы үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты қолға аламыз. Барлық мемлекеттік органның жете назарында болуы керек. Жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек. Мемлекеттік органдарға кіммен және қалай жұмыс істеуге болатыны жайлы өз ұсыныстарымызды жеткіземіз, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы