Балаева Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесуі өтті.

Аида Балаева Тери Хакаланы жақында Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

Министр Тери Хакала ханымды министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. 

Тери Хакала өз кезегінде министрліктің маңызды рөлін атап өтіп, қоғамдық маңызы бар жобаларды, соның ішінде алдағы «Орталық Азия – ЕО» Азаматтық Форумын іске асыру үшін ЕО институттары мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы диалогты қолдауға мүдделілігін білдірді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа бейіл білдірді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы