Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханыммен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


Кездесу барысында Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісін Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Микаэла Фриберг-Стори Министрліктің жұмысына оң баға беріп, БҰҰ-ның 27 агенттігінің атынан бірлескен жұмысқа қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуының 30 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шараларға дайындық барысы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті өзара іс-қимылға, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыруға өзара бейілділігін растады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы