Балаева: Бұл өзгеріс – өңірлік деңгейде тақырыптық бағыттарды айқындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Енгізілген толықтырулар қатарында бірыңғай мемлекеттік ақпарат саясаты аясындағы заңнамалық тетіктермен реттелетін мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды жүзеге асырудың жаңа ережелері бар. Бұл өзгеріс – республикалық және өңірлік деңгейлерде бірыңғай тақырыптық бағыттарды айқындауды көздейді - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Бұдан өзге, Заң ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша бірқатар өзгерістерді қамтып отыр. Атап айтқанда:
- ақпаратқа қол жеткізу саласында уәкілетті мемлекеттік орган мен оның құзыретін айқындау;
- барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне жауапты арнайы құрылымдық бөлімдер ашу немесе жауапты қызметкерді белгілеу;
- ақпаратқа қол жеткізу саласындағы ахуал туралы Мемлекет басшысына жыл сайын ақпараттық есеп енгізіп отыру;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыларды ақпарат иелері қатарына жатқызу;
- толық мемлекеттік орган болып саналмайтын мемлекеттік мекемелер мен квази мемлекеттік сектордағы ұйымдарды да ашық деректерді жариялауға міндеттеу;
- ақпарат иесі саналатын ұйымдардың интернет ресурстарына орналастырылатын мәліметтер тізімін нақтылау және кеңейту.
Аталған өзгерістер мемлекеттік органдар, квази мемлекеттік сектор мен ақпарат иелері санатына жататын басқа да ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының талаптарын нәтижелі орындауға және «Еститін мемлекет» тұжырымын тиімді іске асыруға зор ықпал ететін болады - дейді министр.
Сонымен қатар Аида Балаева Заңда жан-жақты талқылау барысында сарапшылар, қоғам қайраткерлері және халықаралық ұйымдардың барлық ұсыныстары мен ескертулері ескерілгенін айтты.
Осылайша, Заң Қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айтарлықтай кеңейтіп, олардың квазимемлекеттік сектор, сондай-ақ сатып алу комиссияларының жұмысына тартылауын қарастырады. Осыдан бастап ашықтық пен есеп беруге міндеттілік тек мемлекеттік органдарда ғана емес, квазимемлекеттік секторда да мүлтіксіз сақталады. Бұдан басқа, Заң қоғамдық кеңестерді құру механизмдерін жетілдірудің жан-жақты мүмкіндігін беріп отыр. Қоғамдық кеңестер ҮЕҰ жобалары мен жолдауларын олардың басымдығы мен қоғамдық маңыздылығына сәйкес қарастырып, өздігінен шешім қабылдау құқығына ие. Тағы бір маңызды жаңалық – қоғамдық кеңестердің қызметін материалдық қамтамасыз ету мәселесі шешімін уақытылы тапты. Қоғамдық кеңестер қызметін үйлестіретін, әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін өкілетті орган болып Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекітілді, - деді Аида Балаева.