Балаева Бас мүфтимен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік-діни қатынастар мен ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту жолдары туралы пікір алмасты. Кездесу барысында мешіттердің ашылуы, қасиетті Қадір түні мен Айт кезінде намаз оқу мәселелері талқыланды. Тараптар қайырымдылықтың заманауи электронды әдістерін (онлайн-садақа) енгізу тәжірибесіне оң баға берді, діни білім беру сапасын, Орталық ислам кітапханасын құру мүмкіндігін және тағы басқа тақырыптарды қозғады.

Министр ҚМДБ-ның қызметімен егжей-тегжейлі танысты, сондай-ақ қасиетті Рамазан айы биылғы жылы коронавирустық инфекциямен күресу кезеңімен сәйкес келгенін атап өтті және діни басқармаға осы мәселеде көрсетілген түсіністік үшін ризашылық білдірді. Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан аймақтарындағы мешіттердегі діни рәсімдер кезінде қатаң карантиндік шаралардық сақталғанын атап өтті.

Сіздермен Ақпарат және қоғамдық даму министрі ретінде кездескеніме өте қуаныштымын. Мемлекет басшылығымен менің алдымда дінаралық қатынас саласында бірқатар маңызды міндеттер қойылды. Қазақстан халқының 70% -ы исламның Ханафи мазхабын ұстанады, сондықтан Елбасының парасатты саясатының арқасында біз көптеген жылдар бойы сақтап келе жатқан достық қарым-қатынас пен дінаралық және этносаралық келісімді сақтауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рөлін асыра бағаламау қиын,-деді министр.

Сондай-ақ кездесу барсында мешіттерді ашу, қасиетті Қадір түні мен Айт кезінде намаз оқу және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.

Кездесуден кейін Аида Балаева Бас мүфтиді бүкіл әлем мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін және ағымдағы жылдың 24 мамырында өтетін Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы