Балаева азаматтарды жеке қабылдады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Министрдің қабылдауына барлығы алты адам жүгінді. Белгіленген тәртіпте қоғамдық кеңестер жұмысы, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттің өзара әрекеттестігі, мәдениет және өнер, шығармашылық даму және ынтымақтастық мәселелері бойынша сұрақтар мен ұсыныстар қаралды.

Аида Балаева барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап берді. Сондай-ақ ұсыныстар мұқият зерттеліп, назарға алынатынын айтты. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Еске салайық, министрдің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде өткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @madenietaqparat
Өзгелердің жаңалығы