Балаева АҚДМ құзырлы орган деп танылса, қандай қызмет атқаратынын айтты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты. 

Күні кеше Мәжіліс «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасына өзгертулер енгізуді талқылады. Егер ол өзгертулер заң жүзінде бекітілсе, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құзыретті орган ретінде танылады. Оның қызметі бойынша, заңның барлық тармағын орындау қадағаланады. Ақпаратқа қол жеткізу бойынша 4 нақты бағыт бар екенін білеміз, - деді Балаева.  

Министрдің айтуынша, заң бойынша барлық мемлекеттік орган ашық бюджетті талқылауға ұсынып отыр. Халықпен талқылау мәселесі де өте үлкен маңызға ие.

Біз сайттардың жаңартылмауы сынды жауаптарды талқыладық. Құзырлы органның қызметі бақылау жүргізіп, мемлекеттік органның жұмысын қадағалауға бағытталады. Мемлекеттік жұмыстың барлық жұмысын сараптап, Мемлекет басшысына есеп дайындауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік органдарды заңның барлық талабын орындауға міндеттейді. Әрбір меморганда құзырлы тұлға немесе бөлім пайда болады, - деді ол.  

Балаева бұл мәселеге қатысты сұрақтарды нақты жазып, реттеу керек екенін айтты. Министр бұл ұзақ уақытты алмайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы