Балабақшаны лицензиялау - көлеңкелі қызметке алып келеді – Қауымдастық

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы жеке балабақшалар қызметін лицензиялауға қарсы.

 Үздіксіз білім беру қауымдастығының құрылтайшысы, жекеменшік балабақшаның директоры Маржан Ахметжанова мектепке дейінгі қызметтердің сапасын қамтамасыз ету механизмдері  қажет екенін растайды. Алайда, лицензиялауды қайта енгізу сапаны арттырмайды, тек шағын және орта бизнес субъектілері үшін қосымша кедергілер тудырады деген ойда.

Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензиялау ұсынысын орынсыз деп санаймыз. 

Бұл процедураны енгізуді орынсыз деп санаймыз. Ол үшін бізде дәлелді негіздемелер бар. Ұсынылып отырған негіздемелер 12 жылдан астам уақыт ішінде қауымдастықтағы 2 817 балабақшаның жұмыс тәжірибесіне негізделе отырып әзірленді, бұл жұмыс істеп тұрған барлық жекеменшік балабақшаның 43%. Жеке меншік балабақшалар сапаны арттыруға қатысты ұсыныстарды қолдайды, бірақ лицензияны қайтару сапаны арттыру механизміне жатпайды. Себебі, лицензия қандайда бір іспен айналысуға берілетін рұқсат, яғни нарыққа кіру. Алайда көптеген балабақша нарықта бұрыннан жүр ғой.  Олай босла лицензия не үшін керек?,-дейді Ахметжанова.

Оның айтуынша, Қауымдастық бұған дейін балабақшалардың өзін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік аттестацияны қолдаған. Білім және ғылым министрлігі әзірлеген бұл аттестация талаптары лицензия алудағы талаптарды қайталаған.

Минеистрлік лицензиялау арқылы көптеген жеке меншік балабақшаны шеттеткісі келеді. Бұған мемлекет дайын ба? Балаларды балабақшамен қамту қазір 100 пайызға жақындап қалды. Оған қоса 2010 жылдан бері мектепке дейінгі мекемелерді инвестициялау сомасы 208 млрд теңгеден асты. Егер балабақшаларды шетінен жабатын босла бұл қаражат далаға ұшқандай болады. Мемлекет мұндай шығынға дайын ба?, - дейді Қауымдастықтың құрылтайшысы.

Сонымен қатар ол балабақшалар қызметін лицензиялау көлеңкелі қызметке әкелетінін айтады. 2008-2009 жылдары лицензиялауды енгізгенде балабақшанлардың 47%-ы көлеңкелі қызметте болған екен.

2014 жылы лицензияны алып тастап, мемлекеттік білім беру тапсырысы енгізілген соң көлеңкелі қызмет 13 пайызға дейін түсті. Сондықтан балабақшаны лицензиялау көлеңкелі қызметтің өсетініне әкеледі. Балабақшалар өздерін білім беру, дамыту орталығы деп таныстырып қызметтерін жалғастыра беретін болады. Қазір мемлекеттік балабақшаға қарағанда жекеменшік мекеме анағұрлым аз. Жекеменшік балабақша әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында көп, олардың біраз бөлігі мемлекеттік тапсырысты орындап отыр. Мемлекеттің қолдауынсыз бұл кәсіп тиімсіз. Балабақшада бір баланы қамту 65 мың теңгеден жоғары, - дейді ол.

Маржан Ахметжанова балабақшадағы сапаны арттыру тікелей кадрларға байланысты екенін айтады. Алайда министрлік бұл бағытта ештеңе қолға алмай отыр деген уәж айтады.

Мықты кадрлардың балақашға келмеуінің бірнеше себебі бар. Ол - жалақының төмен болуы, баспанамен қамту жеңілдігінің болмауы, біліктілігін артыру тетігінің жоқтығы, жеке меншік балабақшадағы кадрлардың біліктілігін арттыратын курстардың барлығы осы күнге дейін ақылы болып келеді, - дейді ол.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәселенің маңыздылығын атап өтті.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жекеменшік балабақшалардың позициясын қолдайды. Мектепке дейінгі білім беру саласында көптеген шешілмеген проблема бар, оларды репрессивті әдістермен емес, жағдайды сараптау арқылы шешу қажет. Нарықтың пікірін ескере отырып, осы саланың сапалы дамуы үшін үйлесімді шешімдерді қабылдау керек, – деп атап өтті Палата директоры.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы