Балабақшаларды лицензиялау. Қандай тәртіп енгізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балабақшаларды лицензиялау олардың жұмысын жақсартып, жемқорлықты азайтады және күрт қысқартуға әкелмейді. Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін және оны енгізу 2024 жылға жоспарланғанын айтады. Яғни, бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт берілетінін білдіреді.

Лицензия алу – таңсық емес

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі жұмыс атқарып жатыр. 

Заңнамада белгіленген тәртіп бар. Тәртіпке сәйкес, лицензиялауды заң жүзінде бекіту үшін ең алдымен тиісті реттеуші әсерге талдау жүргізу керек. Оны жан-жақты талқылағаннан кейін, заң жобасы қабылданады. Сондықтан бұл жұмыс бір күндік емес, ауқымды жұмыс болып есептеледі. Мектепке дейінгі ұйымдарды аш кезінде нақты орнатылған талаптар жоқ. Кейбір балабақша ескертусіз жұмыс істеп жатыр. Балабақшалар 2011 жылға дейін рұқсат алып, сол рұқсат бойына жұмыс істеді. Бірақ мемлекет балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту болған соң, лицензияны алып тастады. Балабақшаларға лицензия алу мәселесі таңсық жағдай емес,- деді Көбенова. 

Ол атағандай, лицензия алу кезінде минималды талаптарға сәйкестігі текрсеріледі. 

Бұл жеке меншік пе, әлде мемлекеттік пе айырмашылық болмайды. Біліктлік талаптар қойылған жерде, бүгінгі күнгі жағдай мен нарық мүмкіндігі ескеріледі. Былтыр ЖОО жүйесінде бірқатар өзгеріс енгізілді, - деді ол. 

Көбенова атағандай, бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Бұл жылына шамамен 200-дей балабақша.

Келесі кезеңде – қайта мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар. Содан кейін тәуекелді бағалау дәрежесіне байланысты қалған барлық жұмыс істеп тұрған балабақша өтеді.Балабақшаларды лицензиялау көптеген елде қолданылады. Олардың арасында Германия, Аустралия, Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, Ресей бар.Мысалы, Германияда, Аустралияда және Канадада балалардың жағдайына қауіп төнсе немесе ұйымның жұмысы сапа стандарттарына сәйкес келмесе, онда лицензия қайтарып алынуы мүмкін, - деді ол. 

Ал Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, республика бойынша 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым бар. 

Онда 1 млн-ға жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 6 мыңға жуық бірлікті құрайды. Ал жеке меншік 5 мыңға жуық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту-білім беру деңгейінің бірінші жүйесі. Мектепке дейінгі білім берудің сапасын жақсарту бойынша балабақшаларды жабдықтар мен жиһаздармен қамтамасыз ету бойынша 70-ші бұйрыққа өзгеріс енгізілді, - деді ол. 

Жеке кәсіпкерлер де қолдап отыр

Жеке кәсіпкерлер де, балалар мүддесі басымдыққа ие жеке білім беру ұйымдарының бірлестіктері де балабақшаларды лицензиялауды қолдап отыр. 

Кәсіпкер Динара Құдайқұлова балабақшалардың қызметі реттелмегенін айтып отыр.

Балабақшалардың 93%-ы мемлекеттік тапсырыс (мемлекеттік қаржыландыру) алады. Балабақшаның иесі ретінде балаларды оқытып жатырмыз ба, қалай оқытамыз, оларды қалай тамақтандырамызды ешкім білмейтінін айта аламын. Ата-аналар бізге сенеді, бірақ бақылау жоқ. Бұған 10 жыл бойы барлығы бой үйретіп алған. Бірақ оның салдарын көріп отырмыз. Ал қазір ешкім бақылау жүргізілгенін қаламайды. Олардың қатарында мен де бармын. Егер ақылға салып қарайтын болсақ, мен үш баланың анасымын. Бүгін мен балабақша жұмысымен айналысып отырмын, бірақ ертең мұндай жұмыс істемеуім мүмкін. Ал немерелерім қандай балабақшаға барады? Балалар жылында келер ұрпақтың болашағын ойлауымыз керек, - деді ол.

Жеке кәсіпкер ваучер туралы да айтып өтті. 

 Неге балабақша құрылтайшылары ата-аналарды ақымақ көреді? Неліктен кейбіреулер ата-аналар өз қалтасынан төлей алмайды деп ойлайды. Неге олар ата-аналарға ақша бергісі келмейді? Біз онлайн несие аламыз, коммуналдық төлемдерді, айыппұлдарды төлейміз. Балабақшалардың құрылтайшылары ата-аналар ваучер жүйесін пайдалана алмайды деп ойлай ма? Бұл қаржыны бөлудің ашықтығы, - дейді «Әділет» республикалық мектепке дейінгі және орта білім беру қауымдастығының төрағасы Динара Құдайқұлова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы