Балабақшалар кезең-кезеңмен лицензияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балабақша лицензиялары кезең-кезеңмен қайтарылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында балалабақшалардың сапасын арттыру көзделген.
3-6 жастағы балаларды балабақшамен 100% қамту жоспарланды. Сапаны арттыру мақсатында оларды лицензиялауды кезеңдеп қайтару және балаларды мектепке даярлауды жақсарту үшін жаңа бағдарламалар енгізіледі. Жекеменшік балабақшаларда әртүрлі келеңсіз жағдайлар көбейіп кеткенін күнде көріп отырмыз. Сондықтан кезең-кезеңмен лицензиялау мәселесін "қолға алуды жөн" деп ұйғардық. Өңірлердегі жекеменшік балабақшалар ұсынысы бойынша мемлекеттік тапсырыс құны 30 мыңға дейін жеткізіледі. Ол үшін республикалық бюджеттен 400 млрд астам қаржы бөлінеді, - деді министр.
2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасында екі мақсат, 11 міндет, 8 индикатор және 39 көрсеткіш көзделген.
Бағдарламаның басты мақсаттары – отандық ғылым мен білімнің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құндылықтар негізінде тұлғаларды тәрбиелеу мен оқыту, экономикамыздағы ғылымның үлесін ұлғайту.
Айта кетейік, білім министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы екі есе артатынын айтты. Сондай-ақ, мектепте оқушылар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасы енгізілетінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы