Бала жүрегіне жол табу – міндетіміз

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Щучинск бөбектер үйіндегі әр сәби өмірінің өз тарихы бар. Балалар бөбектер үйіне әр түрлі жағдаймен түседі. 

Щучинск мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Айгүл Жұматаеваның айтуынша, үш жасар Надя есімді бүлдіршін Щучинск сәбилер үйінен балалар үйіне көшірілмек. Анасы туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберілгендіктен, бастапқыда қыз бала мұнда алты ай мерзімге дейін қалдырылған. Алайда көп ұзамай баланың ата-анасы қайтыс болып, Надя осында қалуға мәжбүр болған.

Біз республикалық деңгейде мәселе көтеріп, сәбилерді бізден балалар үйіне ауыстыру жасын алты жасқа дейін ұзартуды көптен бері сұрап жүрміз. Елестетіп көріңізші, бала мұнда «өз отбасына» үйреніп қалғанда тағы жалғыздыққа тап болады. Бұл психологиялық тұрғыдан үш жасар балаға өте қиын, ауыр соққы. Ал алты жасқа толғаннан кейін ол басқа балалармен бірге мектепке барады, әрі бұл оңайлау болар еді, – дейді Айгүл Жұматаева.

Анасын тек перзентханада ғана көрген кішкентай Азаматтың да тағдыры аянышты. Ауру болып туғанына байланысты анасы одан бас тартқан. Бірде баланы бір отбасы алып кетіп, бірақ көп ұзамай қайтарып әкелген. Ол мүгедек ретінде төрт жасқа дейін балалар үйінде болады, содан кейін медициналық-әлеуметтік мекемеге ауыстырылады.

Бүгінгі таңда 36 бала сәбилер үйінің қамқорлығында.

Щучье балалар үйінің тарихы тым әріден басталады. Ол 1945 жылдан бері жұмыс істейді. Соғыстан кейінгі кезеңде, көптеген балалар ата-анасыз қалған кезде эвакуацияда болған педиатр Людмила Иванова осы Щучинск балалар үйін ашты. Ол кезде мекеме сәбилер үйі деп аталды, – деп түсіндірді Айгүл Жұматаева.

Бүгін мұнда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ата-аналары қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар қабылданады. Басқаша айтқанда, қамқоршылық органдары отбасын әлі де құтқаруға болатындығын көргенде, ата-аналарға бәрін түзетуге және біраз уақыттан кейін балаларды қайтарып алуға мүмкіндік беріледі. Мұнда 0-ден 4 жасқа дейінгі мүгедек балалар бар, көбінесе бұл сәбилер туылғаннан кейін бірден перзентханаларда қалады.

Бізде 2017-2018 жылдары күндізгі екі топ ашылды. Балалар таңғы 8-де келіп, кешкі 8-де үйлеріне қайтатын. Бұл балабақша емес, бірақ ата-аналардың өздері оны осылай атайды. «Сенім» және «Қамқор» топтары. Бірінші топ қиын өмірлік жағдайға тап болған аналардың балаларын қабылдайды. Онда балалар бір жыл болуы мүмкін. Екінші топта 3 айдан 6 айға дейінгі орталық жүйке жүйесі аурулары бар балалар мен мүгедек балалар қабылданады. Олар мұнда оңалту курсынан өтеді. Сондай-ақ церебральды сал ауруына шалдыққан бір бала бұл топқа екінші жыл келіп жүр. Бұл жерде ол жүруді және сөйлеуді үйренді, – деп қосты бас дәрігер.

Мекеме қабырғаларында оның бұрынғы тәрбиеленушілерінің жүздеген фотосуреттері бар. Мұнда олардың әрқайсысының жетістіктерін мақтан тұтады.

Біз балалармен және ата-аналармен жұмыс істейміз. Жалғыз қалған баланың психологиялық тұрғыдан қандай күйде боларын  елестетіп көріңізші? Жұмыс өте күрделі, бірақ жақсы жетістіктер бар. Біз «Балажан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейміз, оның басты мақсаты – сәбиге үй жағдайына жақын жағдай жасау. Әр топтағы балалар саны 8-9-дан аспайды. Бұл үлкен отбасы сияқты. Біз тәрбиешілер мен күтушілерді өзгертпейміз, балалар оларға туғандарындай үйреніп қалады, - деп атап өтті Айгүл Жұматаева.

Мекеменің бас дәрігерінің айтуынша, балалармен жұмыс істеудің ең маңызды құпиясы-бұл махаббат.

Тек баланы шынайы жақсы көру керек. Сіз балаларды жақсы көргенде, үйіңіз шуаққа толады. Біз өз қызметкерлерімізді әрдайым күлімдеуге, сүюге және барлық мәселелерді үйде қалдыруға үйретеміз, - деп бөлісті бас дәрігер.

Балаға жылы қабақ танытсаң, ол да солай жауап береді. Кейде көп жылдан кейін олар балалық шақтың атмосферасына бір сәтке ену үшін балалар үйінің қабырғаларына оралады.

Кабинетімнің терезесі қақпаға қарайды. Бірде мекемеге бір жігіт келді. Бір кездері оныболғаны және бір отбасы асырап алған. Арада көп жылдар өткен соң ол сәбилер үйін көргісі келген. Біз оған ғимарат ішін аралаттық. Біз мекемеде тәрбиеленген балалармен жақсы қарым-қатынас орнатамыз. Бала жүрегіне жол табу – міндетіміз. Бөбектер үйі олардың өмірінің бір бөлшегі екенін түсінеміз, - дейді Айгүл Жұматаева.

Мұнда қамқор жандардың шынайы сүйіспеншілігіне қарамастан сәбилердің әрқайсысы, әрине, ата-анасы болатын нағыз отбасын күтеді. Әдетте перинаталды орталықтан келген балалар мұнда екі айдан артық тұрмайды – оларды асырап алушы ата-аналар алады. Кейде ересек балалар да отбасыларын табады. Бірақ өкінішке орай, бұл сирек жағдай. Жақында балалар үйінде тұрған Милана есімді қызды үш ағасымен патронаттық тәрбиелеуге алуға үміткерлер пайда болды.

Бізде материалдық жағынан шешілмей жатқан проблемалар жоқ деуге болады. Мәселен, өткен жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы кір жуатын орынды ағымдағы жөндеуге қаражат бөлді. Жақында BI-group өкілі болды, Аналар үйі қорының өкілдері қоңырау шалды. Олар бізге жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келеді. Біз олардан жатын бөлмені аймақтарға бөлуді сұрадық. Ғимарат өте ескі, бізде үлкен жатын бөлмелер мен залдар бар. Облыс әкімдігінің қолдауымен мекеменің шатырын жөндеу мәселесі де шешілуде, – дейді Айгүл Жұматаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы