Бала өлімі себебі – мұғалімде

«Ұлттық идеология және ...» жобасында ШҚО, Көкпекті ауданы, Құлынжон ауылының директоры Аралбек Берікұлы ауданда болған бала өлімінің түпкі себебін ауыл мұғалімдерімен байланыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қыста өзімнің кенжем, ол кезде 1,5 жастағы баламыз энтеровируспен ауырып қалады. Ішіп-жегенін сыртқа шығарады, ағзада обезвоживание болады. Сосын біз оны ауылдан екі сағаттық Өскеменге апарамыз. Ауруханаға жатқызды. Емделіп шықты, Құдайға шүкір. Өкінішке қарай, ауданның ауруханасында 1 жас 3 ай бала сондай диагноздан көз жұмып кетеді. Менің білуімше, себеп – сол жердегі медициналық қызметтің дұрыс көрсетілмеуі, - деп Аралбек болған оқиғаны баяндады.

Бірақ осы жағдайда ол медициналық қызметкерлерді емес, мұғалімдерді кінәлағанын айтады. 

Біз балаларды 9-ға дейін өтірік көз жұмып қойып, «жарайды» деп аттестатын ұстатып, колледжге 3-ін қойып жібереміз. Олардың кейбіреуі медколледжге барады. Мектепте биологиясын, басқа пәндерін дұрыс оқымаған бала колледжге барды, колледжде кім оның артынан қуалап жүріп дұрыс білім береді? Ол жерде де дәл солай, тиіп-қашып әйтеуір қолына дипломын ұстатады. Ол дипломын ұстағаннан кейін, мүмкін ол қалалық конкуренцияны көтере алмай ауданға келеді. Ауданға келсе, ауданда кадр жоқ. Қағазы болса, алады, - деді ол.

Бірақ Аралбек осындай дипломмен медициналық мекемеге орналасқан қызметкер адамдар ауру белгілерімен келетін болса, оның диагнозын Google-дан қарайтынын айтады. Оның ойынша, мұғалімдер осындай псевдомамандарды көбейтіп жатыр.

Мен мұғалімдерге айтамын «Сіз оны көріп отырсыз ғой, өзіңіз риза емессіз ғой. Ауданның медициналық мекемесіне барған кезде айтасыз ғой «диагнозды дұрыс қоймады» деп. Онда неліктен біз балаларды қазір дұрыстап оқытпай жатырмыз? Біз керісінше оларды көбейтіп жатырмыз ғой. Болған оқиғаның себебін өзіміздің мұғалімімізден көруіміз керек. Бұл – үлкен идеологиялық проблема, - деді Аралбек. 

Айта кетейік, Аралбек осыдан бір жылдан артық уақыт бұрын Астанадағы Республикалық физматқа директор болудан бас тартып, 2022-2023 оқу жылында эксперименттік мәртебесі бар ауыл мектебіне директор болып барған еді.

Cұхбаттың толық нұсқасын төменнен көре аласыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы