20 Ақпан 2026, 11:03
Фото: видеодан скриншот
Бала мен жүкті әйел: Боранда далада қалған отбасы құтқарылды
Сырым ауданында бір отбасының мүшелері ауа райына қарамай жолға шыққан.
БҚО-да қар құрсауынан бір отбасы құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында боранда жолға шыққан жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
ТЖМ күштерімен бір отбасының 3 мүшесі құтқарылып, Жымпиты ауылына жеткізілді. Олардың арасында бір бала және жүкті әйел болды. Медициналық көмек қажет болмады, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.