Агенттік арқылы жұмысқа орналасқан бала күтуші үй иелерін тонап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда бала күтуші өзі жұмыс істейтін отбасын тонап кетті.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес Павлодар тұрғыны баласына қарау үшін күтуші іздеп, арнайы агенттіктерге хабарласқан. Артынша 33 жастағы әйелді жұмысқа алған.
Күтуші әйел бұл отбасында бір айдан астам уақыт жұмыс істеген, оның жұмысына отбасының шағымы болмаған.
"Дегенмен, үй иесінің жоқтығын пайдаланған әйел жұмыс берушінің 1000 доллар мен 500 евросын қолды еткен. Полиция бұл ұрлықты жасады деген күдікпен күтушіні ұстады", - делінген хабарламада.
Әйелдің сөзінше, ол ақшаны несиесін жабу үшін жұмсаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы