Бала ауырғанда вакцинадан бас тарту туралы айтуға ауыз бармай қалады - Жандарбек Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 24-30 сәуір аралығында Қазақстанда иммундау апталығы өтеді.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Вакцинамен бірге қорғанайық" тақырыбында өткен  баспасөз конференциясында айтылды. 

Қазіргі халықтың көшіп-қону процестері артқан жағдайда эндемиялық елдерден кез келген елге, соның ішінде Қазақстанға да полиомелит, қызылша, пандемиялық тұмау және басқа да инфекциялық аурулар қоздырғыштарын әкелу қаупі бар. Осыған байланысты иммундау апталығының мақсаты -  иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, егулермен толық қамту деңгейін арттыру. 

"Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз-конференциясы халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету үшін болып отыр.  Біздің елдегі егулер күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымына сәйкес келеді және Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония сияқты дамыған елдердің кестелеріне ұқсас", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин. 

Жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн адам, оның ішінде 1,3 бала егіледі. Елімізде мақсатты инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамту 95-96%. 

"Балаларды вакцинациялау жауапкершілігі ата-аналарда. Баласы ауырып, жаны қиналып жатқанда ата-ана вакцинациядан бас тарту туралы айтуға аузы бармай қалады, сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. "Онкологиялық дерттерге қарсы вакцина ойлап тапқан адамға алтын ескерткіш орнатуға болады" деген сөз бар. Бұл вакцинаның қаншалықты маңызды екенін аңғартады", - дейді Жандарбек Бекшин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы