Мыңдаған көпбалалы ана «Біріңғай әлеуметтік терезе» қызметіне жүгінді

Астана, BAQ.KZ. 20 ақпаннан бастап «Нұр Отан» партиясының 230 филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» аясында белсенді жұмыс жүргізілуде. Партиялық алаңда азаматтарды қабылдауды комиссия жүзеге асырады. 

Оған партиялық шенеуніктер мен көпбалалы отбасыларға қатысы бар барлық мемлекеттік органдардың мамандары кіреді. Жұмыстар «мұнда және қазір» қағидасына сәйкес жүргізіледі, яғни әр өтініш толық қарастырылып, нақты көмек көрсетіледі.

Республика бойынша алғашқы жұмыс күні «Бірыңғай әлеуметтік терезеге» мыңдаған аналар өтінішпен келді. Сараптамаға сәйкес, талапкерлердің көпшілігі жоғары сапалы кеңеске мұқтаж болды. Бұдан бөлек, әрбір облыста материалдық көмек сұрағандар болды.

Аймақтар бойынша бірінші күні өтініштердің көбі «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалына түсті. Бұл жерге 313 адам келген. Олардың әрқайсымен жеке жұмыс жүргізілді. 

"Барлық өтінішті талдай келе, біз олардың көпшілігіне бірлесе отырып кеңес бердік. Негізі бұл жұмысты жергілікті ХҚКО мен мемлекеттік органдар атқаруға тиіс болатын. Халық мемлекеттік қызметтерді қиындықсыз пайдалану үшін нұротандықтар жұмысты үйлестіретін болады, - деп жауап берді партияның Шымкеттегі филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов. 

2019 жылдың ақпанында Балалар құқығын қорғау кеңесі құрылғанын естеріңізге сала кетейік. Артынша «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жұмысы іске қосылды. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы да өз жұмысын қайтадан жаңаша бастады. Олар тұрмыстық айналымдар, әлеуметтік мониторинг картасын құру және т.б жұмыстарды іске асыру шараларын қарастырады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы