Бала алдындағы борыш немесе берешек: елде алимент бойынша қарыз 10 млрд теңгеден асты

Ел бойынша алименттен жалтарғандардың балалары алдындағы берешегі 10 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір 14 мыңнан астам іс сот орындаушыларының қарауында жатыр. Бұл туралы Өскемен қаласына жұмыс сапарымен барған Әділет министрі Азамат Есқараев айтты. Жұмысты жүйелеу үшін борышкерлердің төлем операциялары қатаң бақылауға алынады. Әсіресе жалақы құжаттары тексеріледі. Сонымен қатар қала-аудан әкімдіктерімен жұмыссыз жүрген алимент төлеушілерді еңбекпен қамту шаралары қолға алынады. Осы күнге дейін ел Шығысында 43 ата-анаға тұрақты жұмысқа орналасу ұсынылған.

Әділет органдары тарапынан нақты шаралар қабылдап, не әкімшілік жауапкершілікке не қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдап жатырмыз және алимент бойынша қарыздарды төлеткізіп, бала-шағасын нақты деңгейде, сәйкес деңгейде материалдық қаржы-қаражатпен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қарастырып жатырмыз, - деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы