Балқашта жаңа жылу магистралі болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта жылу желілерін салу толық жүріп жатыр.  Құбырлар ЖЭО-нан «Қоңырат» шағын ауданына дейін созылады. Жылу магистралінің ұзындығы - 17 км. Бүгінде жұмыс 30%-ға орындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Балқашқа жұмыс сапары барысында жылу желілері мен бірқатар басқа нысандардың құрылысын тексерді. Бұл жобаларды «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқасында жүзеге асыру мүмкіндігі  пайда болды. 

Биыл жылу магистралін осы жыл соңына дейін  салу шешімі қабылданды.  Қала жаңа құрылыс жұмыс көлемін алды. Бұл ЖҚЖК іске асырудың айқын мысалдарының бірі. Бұл бағдарлама бойынша 123 жұмыс орны құрылды.  Жартысы – Жұмыспен қамту орталығы арқылы. Ақшамен проблема жоқ, бізге сапа керек, - деп Жеңіс Қасымбек мердігерден талап етті.

Жоспар бойынша жаңа жылу желісін осы жылдың соңына дейін салып бітіруі тиіс. Үйлерге қосу бойынша жұмыстар келесі жылы басталады.  Қазір «Қоңыраттағы» қолданыстағы орталық  қазандық 100 пайызға дайын деуге болады.  Барлық қажетті жөндеу жұмыстары өткізілді.

Жылу желілерінен басқа қалада жеке инвестициямен қараусыз қалған жатақханалар қалпына келтірілуде.  Ғимарат 90-жылдардан бері бос тұр.

Жуырда мұнда баспана алуға кезекте тұрған 30 көпбалалы отбасылар тұратын болады.  Олар үшін арнайы қайта жоспарлау жасалды.

Қалада орталық саябақ та қалпына келтірілуде. Ол ұзақ уақыт күтім көрмей тұрған.  Жуыр уақытта тұрғындардың қыдыруына және демалуына арналған жаңа орын пайда болады. Абаттандыру мен көгалдандырудан басқа онда баскетбол, футбол және воркаут алаңдары орнатылады. Саябақ шағын сәулет пішіндерімен безендіріледі.

Облыс әкімі «Шаңырақ» әйелдерге арналған дағдарыс орталығын да аралады.  Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Коунрад» корпоративтік қоры ашқан. Онда тұрмыстық күш көрсетуден зардап  шеккен әйелдер орналастырылады.  Мұнда тек қиын өмірлік жағдайлар гана емес, сонымен бірге заңгерлердің,  психологтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің көмегін алуға болады.        

Орталық миссиясы – қиын өмірлік жағдайға душар болған әйелдердің,  көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын арттыру, әйелдердің экономикалық дербестігі мен қиын жағдайда шығуына сеп болатын жеке  бастамасын нығайту. Мұнда қандай да бір кәсіби дағдылар алуға дейін максималды көмек көрсетіледі.  Мысалы,  қаланың ателье, шаштараз және кулинария сияқты ұйымдарымен шарттар негізінде мастер-класстар ұйымдастырылады. Мұның барлығы жұмыс істемейтін әйелдердің  өз бетімен ақша таба алуы үшін, - деді «Сары Казна» ЖШС директоры Павел Семенченко.

 Аймақ басшысы әлеуметтік осал топтарды қолдайтын ұйымдарға әрдайым көмек көрсетілетінін атап өтті.

Маңызды істермен айналысыңыздар. Өкінішке орай,  бізде облыста тұрмыстық күш көрсетумен проблемалар бар. Барлық қала әкімдеріне мұндай ұйымның жұмыс істеуіне әлеуметтік бағдарламаларға ақша бөлу қажет,  - деп Жеңіс Қасымбек тапсырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы