Балқашта мемлекеттік қызметшілерді тестілеу залы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында мемлекеттік қызметшілерді тестілеу аймақтық пункті ашылды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Енді Балқаш өңірінің тұрғындарына тест тапсыру үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Бұл өз кезегінде уақыт пен ақша үнемдеуге септігін тигізеді."Дұрыс кадрлық саясат жеке және мемлекеттік сектордағы кез келген ұйымның жұмыс тиімділігі мен нәтижелілігіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Бүгінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылды. Мемлекеттік қызметке үміткерлерді сапалы іріктеу үшін жағдайлар кеңейтілуде", - деп атап өтті облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Айгүл Байханова.
Оның айтуынша, Балқаш қаласында тестілеу залының ашылуы мемлекеттік қызметті қолжетімді етеді. Мемлекеттік қызметке, әсіресе жастар арасында орналасуға ниет білдірушілердің саны артады, ал бәсекелестік іріктеуді арттырады, деп есептейді департамент басшысы.
Айгүл Байханова Балқаш қаласындағы ХҚКО қызметімен танысты, сондай-ақ Nur Otan қалалық партия филиалында азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде инфляция 3% құрады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы