Балқашта ДСК аумағында спорт алаңы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаштағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында әмбебап спорт алаңы ашылды. Ашық аспан астында балуандар, футболшылар, волейболшылар мен баскетболшылар жаттығады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Спорт алаңын жергілікті мердігерлер салды: көгалдар төселді, футбол қақпалары мен баскетбол сақиналары орнатылды. Кесте бойынша сабақтар барысында волейбол торына арналған мобильді тіректер де шығарылады.

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков заманауи спорт алаңының ашылуына орай жас футболшылар арасында достық матчтқа бастау беріп, спорттық жетістіктер тілейтінін жеткізді.

Залға қарағанда таза ауада ойнау әрқашан жағымды. Қазір бізде осындай мүмкіндік пайда болды, біз мұнда жаттығамыз, - деді футболшы Даниил Бойко.

Корттың жанында воркаут үшін снарядтары бар алаң пайда болды. Мұнда спортшылар өздерінің шеберліктерін шыңдап, негізгі жаттығуларды орындай алады.

Мұнда боксшылар да, кикбоксшылар да айналысады. Ақылы түрде де жаттығу мүмкіндігі бар. Студенттерге төрт реттік қатысу 250 теңге, ересектерге - төрт жаттығу құны 1000 теңгені құрайды, - дейді ДШСК жанындағы балалар-жасөспірімдер спорт клубының директоры Ерден Әбуғалиев.
Қазір ДСК-да 600-ден астам бала айналысады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы