Балқаш көлінде күнге қыздырынуға рұқсат жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай ақпарат Балқаш қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.

Мобильді топтар жағажайларда рейд өткізді. Рейдтер күн сайын жүргізіледі. Биылғы 5 шілдеден бастап Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қалалық жағажайға баруға тыйым салынған. Демалыс аймағына келушілер шомылып болған соң, дереу жағажайдан алыс кетуі керек. Балық аулау, жағажайда күнге қыздырынуға, демалуға тыйым салынған. Адамдардың бір жерде көптеп шоғырлануына рұқсат жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, демалыс орындарының иелері санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы