«Бақытты отбасы – мықты мемлекеттің негізі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Отбасы күніне» арналған «Бақытты отбасы – мықты мемлекеттің негізі» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиын кезінде Отбасымның бір күні челленджіне қатысқан қала тұрғындары марапатталды. 

Фестиваль қонақтары - «Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссия» мүшелері, ҮЕҰ-лар жетекшілері мен мүшелері. 

#отбасыбіркүні челленджінің қорытындысын Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мәлік Шегебаев жария етті. Ол байқауда қазылар алқасы барынша әділ баға бергендігін айтты.


Үшінші орынды - Ильяшевтар отбасы иеленіп, құны 10 мың теңгенің сертификатын алды. Жас отбасы - жанұяның бір күнін әдемі суреттеген, тақырыпты аша алған. 

Атаулы орын жеңімпазы ретінде Воробьевтар жанұясы да танылды. 

Екінші орынды иелеген - Өмірдостар отбасы. Оларға 15 мың теңгенің сертификаты берілді. Шаңырақ иелері - көпбалалы отбасы, күміс алқа иегері, әрі балаға көңіл бөліп, солардың жетістігін мақтан тұтып отырған ата-ана. 

Дәл осындай марапатты Ормановтар отбасы жеңіп алды. Байқауда олар 10 жасар баласы Саянның видеосында тақырыпты кеңінен ашқан. Онда қайырылымдылық пен еңбекқорлықты дәріптеген.

Бірінші орын иегері - Мұхаметрахым отбасы. Жеңімпаздарға 25 мың теңгенің сертификаты табысталды.  


Қазылардың мәлімдеуінше, көпбалалы отбасы балаларды еңбекке баулу, үй тіршілігін бірлесіп атқару сынды отбасындағы маңызды құндылықтарды ерекше көрсете білген. Әкенің мейірімі, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығын көрсете білген. 

Айта кетейік, байқау жеңімпаздарына Айланд отбасылық демалыс орнына арналған сертификаттар да берілді.

Сонымен қатар челленджге қатысқан отбасыларға алғыс хаттар мен ынталандыру грамоталары берілді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы