Бақылау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қатысуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы және «Мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірге қатысулары» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты.

Қазақстан Республикасының  «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы қандай да бір әлеуметтік мәселелерді шешуде ғана көмек болған жоқ, ол сонымен қатар, таңдау құқығы мен сайлауға түсу мүмкіндігіне жол ашты. Ең бастысы, Орталық сайлау комиссиясының сайлауға қатысу және бақылаушылар участоктеріндегі жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі детальді қаулысы. Бұл бағытта мұндай сәттер дәл сайлау кезінде ғана емес, қазірден бастап халыққа таратылуы керек. Бұған дейін праймеризге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да қатысқанын байқадық. Сондықтан, халыққа мұндай адамдардың да өз азаматтарының құқықтарын қорғау мәселесін өздерінің бағдарламаларына қосып, тиісті платформаларда қорғап, олардың мемлекет қандай жағдайда азаматтардың жағдайын назарға алу керегіне нақты пікір білдіре алатынын айқын көрсету керек. Бұдан қоғамның әлсіз топтары өз құқықтарын қорғай алатынын байқауға болады, - деді ол. 

Эльвира Әзімова осы бағыттағы жұмыстарды жергілікті әкімдіктердің де ұйымдастыруы керек екенін жеткізді. 

Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жалпы сайлау өтетін жерлерде жасалған жағдай, мекеме ішіндегі қолайлылық және ең бастысы, бақылау комиссияларына қатысу жағы да ескерілуі керек. Бұл мәселені біз қазір бақылау комиссияларына қатысу жайына қатысты талқылау жүргізіп жатқан ЕҚЫҰ-мен ақылдастық. Әрине, ең маңызды жайт – азаматтардың денсаулығы. Қазіргі жағдайға байланысты тәуекел барын да жоққа шығармаймыз. Алайда, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бақылау комиссиясына қатысуға деген ниеті жоғары. Сондықтан, мұндай азаматтардың бақылау комиссиясына қатысқаны дұрыс, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы