27 Наурыз 2024 2024, 22:50 Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бакудегі жарыстың финалында қазақстандық бес бірдей боксшы жұдырықтасады

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық бәсекесінің финалында қазақстандық бес бірдей боксшы жұдырықтасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Соңғы болып жерлестерімізден ақтық айқасқа 71 келіде Дархан Дүйсебай шықты. Жартылай финалда ирандық Касра Тахмасевимен кездескен жерлесіміз арақашықтықты сақтай жүріп, қарсыласына лайықты жауап қатып отырды.

Соққыларын әлдеқайда дөп тигізуінің арқасында төрешілер бірауыздан Дарханды жеңімпаз деп таныды.