Бакуде тұрғын үйде жарылыс болды

Баку қаласының Насими ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде газдың шығуынан болуы мүмкін жарылыс болған. Бұл туралы Әзербайжан ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Мірджалала көшесіндегі үйде болған. Оқиға орнына келген Өртке қарсы мемлекеттік қызметтің құтқарушылары жарылыстың өртке ұласпағанын анықтады. Жарылыстың қатты толқыны асүйдің терезесін рамасымен бірге жарып жіберген, бөлменің төбе жабындысы да зақымданған.

Жарылыс салдарынан бір адам жарақат алды. Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті, болған жағдайдың мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы