Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды

Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінде Бакуда тұратын Қазақстан азаматтары мен қазақ студенттерінің басқосуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріне тоқталып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Дипломат Қазақстанның Әзербайжанмен саяси, экономикалық, көлік-логистикалық, қорғаныс, білім, мәдени және туристтік салалардағы ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Әзербайжан іске асырып жатқан ірі өңірлік жобалардың маңыздылығына назар аударды. Олардың арасында Орта дәлізді дамыту, Каспий теңізі арқылы интернет жілісін және электрокабельді тарту бар.

Елші 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы қараша аралығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапармен төрт рет келгенін, мұндай қарқынның екіжақты қарым-қатынастарымыздың тарихында бұрын болмағанын атап өтті. Сондай-ақ, Ә. Байел Қазақстанның басты байлығы оның азаматтары екенін және елшіліктің қазақстандықтар үшін әрдайым ашық екендігін айтты.

Іс-шара аясында Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарында оқитын студенттер «Орда» қазақ жастарының ұйымын құрды. Ұйымның мақсаты Әзербайжандағы қазақ студенттерін біріктіру және қолдау, мәдени байланыстарды нығайту мен түрлі іс-шаралар өткізу болмақ.

Осы тұрғыда Ә. Байел Алтын Орданың 800-жылдығына орайластырылып құрылған жастар ұйымы атауының символдық мәнін атап өтті. Оның атуынша, мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейтудің бір жолы – азаматтар арасындағы байланыстар мен достықтың дамуы. Осы тұрғыдағы оң көрсеткіштердің бірі – Әзербайжанда қазақ туристтері мен студенттері санының артуы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы