Бакуде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында өтіп жатқан VI Баку Халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі қарсаңында М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашылды.

Осы іс-шара барысында екі мемлекеттің кітапханалары арасында Меморандумға салтанатты қол қою рәсімі өтті.

Халықаралық жобаның мақсаты – шет елде қазақ әдебиетін танымал ету, қазақстандық авторларды жаһандық әдеби үрдіске интеграциялау, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін, саясатын, әлеуметтік саланы, классикалық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту.

Орталыққа Қазақстанның саясаты, экономикасы, тарихы, табиғаты, салт-дәстүрі және т.б. тақырыптағы кітаптар табыс етілді.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ТМД және шет мемлекеттердің Ұлттық кітапханаларында «Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталықтарын» ашуды қолға алған болатын.

Халықаралық жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шет елдердегі Елшіліктердің қолдауымен жүзеге асуда. Ал Халықаралық жоба идеясының авторы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дауренбекқызы.

Бүгінгі таңда әлемнің 32 елінде Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Македония, Болгария, Чехия, Италия, АҚШ (Нью - Йорк көпшілік кітапханасы және Конгресс кітапханасы) Якутия Республикасы, Чуваш Республикасы, Румыния, Иран, Аргентина, Бразилия, Удмуртия, Германия, Испания, Өзбекстан кітапханаларында орталықтар ашылып, жұмыс істеуде. Орталықтырдың ашылу барысында «Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы» Меморандумдарға қол қойылды, соның аясында әдебиеттермен, тәжірибе алмасу және электронды кітапханаларына қолжетімділік орнатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы