БАҚ өкілдері мен еріктілер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Полиция департаментінде есірткіге тәуелділіктің алдын алудағы ынтымақтастығы үшін еріктілер және БАҚ өкілдері марапатталды.

Polisia.kz сайтының мәліметіне сәйкес, волонтерлік қозғалысты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға қатысқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін “Үміт” қоғамдық бірлестігінің волонтері, Назарбаев университетінің студенті Камилла Смайыловаға  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хаты табысталды. 

Сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің алдын алу туралы бейнеролик дайындағаны үшін Никита Миткин, Марат Такишев, Ержан Мақатов секілді тележурналистерге алғыс хаттар тапсырылды. 

Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі бизнесіне қатысы бар адамдарды анықтаудан басқа, тұрғындар арасында нашақорлықтың алдын алумен айналысады. Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдармен, блогерлермен және БАҚ өкілдерімен бірлескен ынтымақтастық қазіргі кезде өзекті, – деді Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Талғат Қаскин. 

Мен және менің әріптестерімнің еңбегі осындай бағаланғанына қуаныштымын. Назарларыңызға рахмет, – деп алғыс айтты Н.Миткин.

Мен полиция қызметкерлеріне менің волонтерлік жұмысымды атап өткендері үшін ризашылығымды білдіргім келеді. 2018 жылдан бастап мен есірткі мен синтетикалық есірткіні сатуға және қолдануға қарсы “Дені сау ұрпақ – салауатты ұлт” қоғамдық бастамасының еріктісімін. Менің міндетім – еріктілер қатарына басқа адамдарды тарту. Нашақорлық проблемаларына ғана емес, біздің қоғамның басқа мәселелеріне де бейжай қарамау керек, – дейді К.Смайылова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы