Бағланованың ұлы анасы туралы естеліктерімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.

Отбасы үшін, мен үшін бұл өте үлкен оқиға. Ол – әнші, әртіс, қоғам қайраткері және тарихи тұлға, өз халқының қызы. Мен жасөспірім кезінде оның осындай ауқымды тұлғалық жан-жақтылығын түсінбеген де шығармын. Себебі бәрінен бұрын ол мен үшін ана болды. Уақыт өте келе, жылдар өте келе түсінік келе бастады. Егер сол бұрынғы кезге қайта оралсам, мүмкін, кейбір шешімдерім басқа болар ма еді. Онымен әңгімелесу жетпейді, әрине. Жасөсіпірім кезде онымен бір жерге шығу мүмкін емес еді. Өйткені барлығы жан-жақтан қаумалап, суретке түсетін. Сол үшін мен онымен көп шықпауға тырысатын едім, - деді ол. 

Тәжен Бағланов атағандай, анасы гастролдік сапарларға кеткенде пионерлік лагерлерде де қалған кездері болған. 

Мен мектеп интернатында болдым. Өз ортама келген кезде достарым «бұл сенің анаң ба?» деген сұрақтар қоятын. Мен ыңғайсызданып, ол менің туған тәтем деп айта салатынмын. Ол өтіріктің арты бір тұтам болып, шындық әшкереленетін еді, - деді ол. 

Сондай-ақ Тәжен Бағланов анасының гипер мүсініне қатысты пікір білдірді. 

Өте қатты ұқсайды. Алғаш рет көргенде жарым, балаларыммен қосылып көзімізге жас алдық. Бұл мүсінге анамыздың жеке заттарын қостық. Орамалы мен сырғасын қостық. Анам тірі болғанда мұның барлығына риза болатын еді, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы