Бағдат Мусин: Қазір ауылдарда интернет мәселесі маңызды
Цифpлық дaмy, иннoвaциялap жәнe aэpoғapыш өнepкәciбi миниcтpi Бaғдaт Мycин Қызылopдa oблыcынa iccaпapмeн келіп, аймақ тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Халықпен кездесуден соң министр БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен министр Бағдат Мусин өңірлерді аралап, өз кезегінде Қызылорда облысының халқымен кездесіп, туындап жатқан мәселелер жөнінде ел аузынан естіп, олардың шешу жолдарын қарастырды.
Тек ғана Қызылорда қаласының тұрғындарымен емес, сондай-ақ Байқоңыр қаласының тұрғындарымен, «Байқоңыр» ғарыш-айлағының жай-күйі бойынша «Роскосмос» басшыларымен кездесемін, – дейді министр Бағдат Мусин.
Министр Қызылорда облысында ашылған жаңа халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуымен құттықтап, жаңа мекемені республика көлеміндегі ең жоғары деңгейде деп бағалады.
Республика деңгейінде ең жақсы халыққа қызмет көрсету орталығы - Қызылорда облысында. Өйткені мекеме жаңа әдістерді қолданып келеді, - деді Бағдат Мусин.
Баспасөз конференциясы барысында министр халықтың көтерген басты мәселесіне тоқталды.
Бүгінгі таңда интернет – бірінші сатыдағы қызмет түрі. Бұрын тұрғындар жарық, ауыз су мәселесін көп көтеретін болса, қазір интернет мәселесін көтеретін болған. Жалпы, бәсекелестік ортаны көтеру қажет. Тек «Қазақтелеком» компаниясы қызмет көрсетіп жатыр деген ойды қысқарту керек. Біршама өңірде бәсекелестік орта бар. Тек «Қазақтелеком» ғана емес, басқа да компаниялар қызмет көрсетіп жатыр. Осындай ортаны құру үшін министрлік те, әкімдік те жұмыс істеу қажет. Сыр өңіріне басқа да компанияларды алып келу қажет. Бұл компаниялар инвестиция құю қажет. Олар мәселені шешуге атсалысу қажет, - деді министр.
Баспасөз конференциясында Бағдат Мусин екінші мәселе интернет мәселесін шешуде электр бағаналары арқылы оптика өткізуге рұқсат берілгендігін, бұл қызмет түрі заң талаптарына сәйкес болу үшін заңға өзгерістер енгізілгенін айтты.
Сонымен қатар министр айыппұл мөлшерінің көтерілгенін де сөз етті.
Былтырғы жылы 500 тексеріс жұмыстарын жүргізіп, 130 млн. теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Қазіргі таңда айыппұл жазасы 10 есеге ұлғайтылды. Өңірлердегі интернеттің сапасын бақылап қоймай, оны кеңінен тарату жөнінде 3 G мен 4 G-дің төмен деңгейдегі стандарттарын бекеттік. Біз тиісті стандарттарға қол қойдық, ол стандарттар бойынша әрбір тұрғынға 3 G-дің кемінде 1 жарым мегабит секунды, 4 G бойынша әрбір тұрғынға 4 мегабиттік жылдамдықпен интернет жету керек. Сондықтан ол сапаға сай емес желілер болса, айқындалса, біз сол шағымдар арқылы тексеру жұмыстарын жүргізіп, айыппұл салып жатырмыз. Жалпы базалық станцияны орнату ол оңай жұмыс емес. Ол жерге дейін электр қуаты болу керек. Картаграфиялық зерттеулер жүргізу керек, - деді министр Бағдат Мусин.
Базалық станцияны орнату қомақты қаражатты талап ететінін айтқан министр, бұрын қажетті қаражатты бөлу байланыс операторларына ғана рұқсат етілсе, қазіргі таңда жергілікті әкімдікке де қаржы қарастыруға мүмкіндік берілген. Яғни ауыл тұрғындарына байланыс қызметінің жеткілікті болуына жергілікті әкімдіктер де атсалыса алады.
Министр «DamuMed» қызметі eGov порталына өтетіні туралы хабарлады.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша талай сындар айтылды. Осы мәселелерді шешу мақсатында eGov-тың ішінен арнайы бөлімше жасаймыз. Сол бөлімшенің ішіне барлық лобараториялық зерттеулер, клиникалық-диагностикалық деректер және басқа да қызмет түрлері жүктелетін болады. Барлық ақпарат сол бөлімнің ішінен табылады. Қыркүйек айында кез келген адамның сараптама қорытындылары егов порталынан табылатын болады. Сонымен қатар жыл соңына дейін айтылған барлық қызмет түрлерін eGov арқылы алуға мүмкіндік бар, - деді министр.
Баспасөз конференциясында министр Бағдат Мусинге Қызылорда облысы көлемінде интернет қызметін ұсынатын кәсіпкер Сәкен Кенжеев сауал жолдады.
Дамыған елдің қатарында емеспіз, бізде қаражаттың біразы мемлекеттік сатып алудан түседі. Бізде екі монополист мекеме бар. Мемлекеттік сатып алуға осы екі мекеменің техникалық сипаттамасы бойынша түсуге мәжбүрміз. Біздің мүмкіндігіміз оған сәйкес келмейді. Қажет болсын, болмасын кез келген мекемеге қояр талап осы. Екінші сауал Қызылорда облысында интернет жетпеген ауылдар көп. Осы ауылдарға біз секілді кәсіпкерлермен бірігіп жұмыс жасамасқа. Біз бірнеше жыл бұрын ұсыныс жасағанбыз, алайда ұсыныстарымыз ескерілмеді, - деді кәсіпкер Сәкен Кенжеев.
Бұл мәселе бойынша министр тиісті сала қызметкеріне тапсырма беріп, кәсіпкердің мәселесі бойынша барлық мекемелерге ұсыныс жіберу қажет екенін ескертті.
Біздің тарапымыздан барлық мекемелерге «бір ғана талап - жылдамдық» деп ұсыныс жіберу қажет. Ал сымды ма, сымсыз ба, әлде оптика ма, әлде оптикасыз ба, спутник пе бізге керегі не? Сондықтан техникалық сипаттамада жазылып қоюы менің ойымша керек емес. Тек қана нәтижесі екенін жазып қою қажет. Бұл мәселені мен қолға аламын. Тиісті мекемелерге хат жазатын боламыз, - деді министр.
Кәсіпкердің екінші сауалы бойынша министр «Егер сіздің инвестициялық жобаңыз бар болса, маған ұсыныңыз. Біз оны облыс әкімімен бірге қарастыратын боламыз» деді.
Баспасөз конференциясы барысында министр Бағдат Мусин өзге де сауалдарға жауап берді.
Министрдің айтуынша, дүниежүзіндегі параметр бойынша тарифтердің ең аз мемлекеттердің ішінде Қазақстан төртінші сатыда. Яғни, ең төмен тарифтер біздің елде.
Бүгінгі таңда мен «тарифтер жоғары, халық көтере алмайды» деп баға бере алмаймын, - деді министр.
Айта кетейік, министр Бaғдaт Мycин Сыр өңіріне сапары бapыcындa Қызылopдa қaлacының №3 қaлaлық eмхaнacынa бaрды. Сондай-ақ облыс орталығындағы xaлыққa қызмeт көpceтетiн цифpлық кeңceнiң жұмыcымeн тaныcты.