Бағдат Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бағдат Қожахметовпен келісім-шарт бұзылғанын хабарлады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Шарт тараптардың келісімі бойынша 2020 жылғы 29 қазанында бұзылды. Сонымен қатар, министрлікте Бағдат Қожахметовтың алдағы жұмыс орны туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаймыз, - делінген ведомство жіберген хабарламада.

Телефон арқылы берген сұхбатында Қожахметов өзінің кету себебін "өзінің миссиясы орындалды" деп түсіндірді. Енді ол бизнеске көбірек уақыт бөлгісі келеді.

Мен ерікті түрде көмектестім. Дәрігерлер мені үш рет өлімнен құтқарды. Емделіп шыққаннан кейін ақ халатты абзал жандарға алғыс ретінде коммуникацияны жолға қоюға көмектескім келді. Медиа орталық құрып, жақсы баспасөз хатшысын табуға көмектестік, жүйені ретке келтірдік. Қазір бәрі жұмыс істейді, яғни менің функциям орындалды. Менің бизнес-жобаларым бар, соларға көбірек көңіл бөлуім керек, - деді Бағдат Қожахметов.

Айта кету керек, Бағдат Қожахметов осы жылдың шілде айында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалған болатын. Ол брифингтерде сөз сөйлеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы