19 Қазан 2026, 06:35 Фото: Сыртқы істер министрлігі

Бағдат Әміреев ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары болып сайланды

Тағайындау туралы шешім Бағдад қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 52-сессиясында қабылданды.

Қазақстан өкілі Бағдат Әміреев Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысының әкімшілік және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне бірауыздан сайланды.

Тағайындау туралы шешім Бағдад қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 52-сессиясында қабылданды. Отырыс барысында Бағдат Әміреев ант қабылдап, ресми түрде қызметіне кірісті.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл шешім Ұйымға мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген сенімін және елдің көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін көрсетеді. Жаңа тағайындау Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы байланысты нығайтып, бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік береді.