Бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан 7 жасар қыз баланы көлік соғып кетті

Астанада Айнакөл көшесінде 7 жастағы баланы көлік соқты. Полицияның мәліметінше, бала жаяу жүргіншілер өткелінен жасыл шам жанғанда өткен. Жәбірленуші амбулаторлық емге жіберілді, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Айнакөл көшесінде 7 жастағы балаға көлік соқты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде бала жаяу жүргіншілер өткелінен жасыл шам жанғанда өтіп бара жатқан.

Оқиғаға қатысты BAQ.KZ дедакциясына Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Toyota» автокөлігінің жүргізушісі Айнақұл көшесімен келе жатып, Төлебаев көшесінің қиылысында жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Балаларға арналған өткелде болған бұл оқиға кезінде қыз бала жол қозғалысы ережелерін сақтап, рұқсат етілген – жасыл шам жанған сәтте өткелден өткен, - деп хабарлады полиция.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан бала медициналық мекемеге жеткізіліп, тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қайғылы оқиғадан кейінгі видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатыр. Видео авторы көлік жүргізушілерінен жолда абай болып, қатты жүрмеуге, адамдар бағдаршамның жасыл түсінен өтіп бара жатқанда тоқтауға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы