Бағдадта екі рет теракт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирак астанасы Бағдадта екі террорлық шабуыл болды.
17 адам қаза тауып, 25-тен астам адам жарақат алды. Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.
Жарылыстар таңертең Бағдадтың орталығындағы Тайаран алаңында қызу сауда базарының аумағында болды.
Алдын ала ақпарат бойынша, сауда базарының аумағында өзін-өзі өлтірген террористер жарылып кеткен.
Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі барлық медициналық мекемені жаралыларға көмектесу үшін жұмылдыру туралы жариялады.
Еске салсақ, осы жылдың 20 қаңтарында (жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында) Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттарының бірінде жарылыс болды. Бүгін ҚР СІМ Мадридте орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды
Өзгелердің жаңалығы