Бағасы бақыланатын азық-түлік саны 31-ге жетті

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі 31 атауға дейін кеңейтілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылданады. Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға, тауар нарықтарында теңгерімсіздіктерді болдырмауға, өнімді тиімді сақтау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылатын болады, - дейді Жұманғарин.

Сөзінше, осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

Бұған дейін министр Серік Жұманғарин Жаңа Салық кодексін енгізу барысы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Үкіметтің 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың нақты табысын арттыру екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы