Бағаның өсуін тежеуге күш салу қажет - Үкімет басшысы

Бағаның өсуін тежеуге күш салу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біздің мақсатымыз – биыл инфляцияны 2 есеге төмендету. Ол үшін үйлесімді және нақты шұғыл шаралар қажет. Биылғы жылдың сәуір айында инфляция 16,8 пайызға дейін баяулады. Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша сапалы жұмысты жалғастыруы керек. Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі өзектендірілген шаралар жоспарын орындау үшін барлық тиісті шараны қабылдау қажет, – деді Үкімет басшысы.

Ол қаржылық тәртіпті күшейту және мемлекеттік бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру маңызды екенін айтады.

«Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша іске асырылатын шаралардың сапасын жақсартқан жөн. Қаржыландыруға барынша жауапкершілікпен қарау керек. Нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін бюджеттік параметрлердің қатаң сақталуын және қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз ету қажет, – деді Смайылов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы