"Бағанашылдағы" жағдайға кім жауапты?

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін еркінен тыс көшіру оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен сөйлестім. Ол 24-і күні әкіммен кездесіп, бәрін талқылайтындарын айтты. Байланысты жақсартып, істі соңына дейін жеткізу қажет болды, - дейді Ермек Көшербаев. 

Айтуынша, орын алған жағдайға қарамастан жауапкершілік жергілікті атқару органдарына жүктеледі. 

Жағдай бақылаудан шығып кетті. Әкім мұндай түрде еркінен тыс көшіру оқиғасы болады деп ойламадым дегенімен, бұл жауапкершіліктен босатпайды. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Нақты тексеріс қажет: не, қалай, неліктен орын алды, бәрі анықталады, - деді Премьер-министрдің орынбасары. 

Сондай-ақ вице-премьер балалар үйінің тәрбиеленушілері тек Алматының тұрғындары ғана емес, барлық облыстан жиналған. 

Заңнамада бюджет және қалған нәрсенің бәрі Алматы облысынан болады деп көрсетілген. Жағдайды көктемнен бері немесе іс басталған кезде шешуге болатын еді, - дейді Көшербаев. 

Еске салайық, Ермек Көшербаев бұған дейін шулы оқиғаға байланысты әкім отставкаға кету мүмкіндігі туралы айтты. 

Сондай-ақ, Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін еркінен тыс көшіріп жатқан видео тарады.

Бұл іске Президент араласып, балалар үйін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге тыйым салды

Содан кейін ол жерге Президент әкімшілігінің комиссиясы барды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы