Бағанашылдағы балалар үйінінің реконструкциясы қашан аяқталатыны белгілі болды
Қараша айында Алматыда “Бағанашыл” балалар үйінің реконструкциясы басталады, ескі ғимараттың орнына жаңа нысан салынбақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, Бағанашыл шағын ауданында, Сырғабеков көшесі, 22 мекенжайында орналасқан балалар үйінің ғимараты 2025 жылдың тамыз айында қаланың коммуналдық меншігіне берілген.
Балалар үйі ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталып, 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқталуы жоспарланған, – деді ведомствода.
Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр, ал тәрбиеленушілер уақытша №1 арнайы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатына орналастырылған. Қазіргі таңда орталықта 100 бала бар, олардың 13-і мектепке дейінгі жаста, ал 87-сі – мектеп оқушылары.
Еске салайық, 21 шілде күні "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаевқа көшіріле бастады. Алайда балалар бұған наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде мекеме ішіндегі кикілжіңнің бейнежазбасы тарады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіруге тыйым салды.
Бағанашылдан балаларды көшірудің артында кім тұрғаны, әкімдіктің қандай қатысы бар екені белгілі болды.
Сол Алматыдағы балалар үйін көшіру дауына байланысты үш шенеунік қызметінен босатылған еді.
Бағанашылдағы шудан кейін Алматы облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалған болатын.