Бағалы металдың заңсыз айналымымен айналысқан топ анықталды
Құзырлы орган заңсыз жолмен айналымға аса ірі көлемде бағалы металдар шығарған бір топ адамды қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Олар жымысқы әрекетін 4 жылдан бері іске асырып келген. Өнімдерін еліміздің бірнеше өңіріндегі сауда үйінде сатқан. Күдіктілер алтынды заңсыз өндіріп, есепке алынбаған зергерлік бұйымдар жасап, оны алып-сатумен айналысқаны анықталды. Соңғы 2 жылдың өзінде арадағы ақша айналымы 300 миллион теңгеден асыпты. Тінту кезінде олардан 1 киллограмнан астам бағалы металл мен сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйым тәркіленді.
Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның үшеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий теңізін сақтау жөніндегі мәселелер талқыланды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы