Бадминтоннан Азия чемпионатына 4 қазақстандық спортшы қатысады

Нинбода (Қытай) бадминтоннан Азия чемпионаты басталды. Оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҰОК мәліметінше, құрлықтық чемпионатта ел намысын төрт спортшы қорғайды.

Медаль үшін Дмитрий Панарин, Максут Тажибуллаев, Камила Смағұлова және Айша Жұмабек сынға түседі.

Айта кетейік, чемпионат 13 сәуірге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы