Бадминтон: Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасындағы екінші матчында жеңілді

Бадминтоннан Қазақстан командасының мүшесі Дмитрий Панарин 2024 жылғы Олимпиада ойындарының аясында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Панариннің қарсыласы – 22 жастағы канадалық спортшы Брайан Янг.

Матч екі геймге созылып, 21:18, 21:10 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Қазақстандық спортшы D тобында өнер көрсетті. Алғашқы ойында ол жапониялық Кенто Нишимотодан жеңілген еді.

Келесі айналымға топта жеңіске жеткен спортшы ғана өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов
Өзгелердің жаңалығы