Backstreet Boys тобы Алматы мен Астанада концерт өткізеді

Аты аңызға айналған американдық Backstreet Boys тобы Алматы мен Астанада концерт қоятынын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат топтың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Концерт күндері мен орындары:

  • Алматы – 19 қыркүйек, Орталық стадион
  • Астана – 21 қыркүйек, Astana Arena стадионы

Қазіргі уақытта Қазақстандағы концерттерге билеттер сатыла қойған жоқ, олардың құны да әзірге белгісіз.

Backstreet Boys тобы – 1990 жылдары танымалдылыққа ие болған әлемдік поп-музыканың ірі өкілдерінің бірі. Қазақстанда алғаш рет өтетін бұл концерттер топтың жанкүйерлері үшін үлкен мәдени оқиға болмақ.

Айта кетейік, тамыз айында Астана мен Алматыда Дженнифер Лопестің концерті өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: backstreetboys.com
Өзгелердің жаңалығы