Backstreet Boys концертіне билет қанша теңге тұратыны белгілі болды

Астанада өтетін әйгілі Backstreet Boys тобының концертіне билет бағасы 40 мың теңгеден басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының директоры Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, концертке билеттер сатылымы 14 шілдеде сағат 12:00-де Freedom Super App қосымшасында басталады.

Яғни қосымшада тіркеліп, ең бастысы, 22%-ға дейін кэшбэк алуға мүмкіндік бар. Backstreet Boys-тың әлемдік турымен салыстырғанда, Астанада өтетін концертке билет бағасы өте қолжетімді. Бағасы 40 мың теңгеден басталады. Мұндай топтың концерті баға жетпес эмоция сыйлайтынына сенімдімін, - деп атап өтті Мәлік Хасенов.

Сонымен қатар ол алыпсатарларға қатысты пікір білдірді.

Біз алыпсатарлармен де күресетін боламыз. Бағаның дұрыс болуын да қадағалаймыз. Бір адамға 4 билет қана алуға болады. Біз болашақта да толықтай әділдікке қол жеткізу талабын сақтаймыз, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы